Аққулы ауылында күрделі су құбырының құрылысы басталды. Мердігер "ЛОГОТЕК" ЖШС, шарт сомасы 304398,5 мың теңге. Аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық және аудандық Қоғамдық қеңес мүшелерінен құралған топ су құбыры құрылысының барысына мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта 2 ұңғыма бұрғыланды және 2-ші көтергіш сорғыда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер және мемлекеттік органдардың өкілдері мониторингтік топ мүшелерінің барлық сұрақтарына түсіндірме жауаптар берді. Ауыл тұрғындарын судың қоры мен сапасы мәселелері толғандыруда. Мердігерлер іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша су қоры 25 жылға жетуі керек деп сендірді. Жоба бойынша тазарту құрылғыларын орнату көзделген, судың сапасы бойынша барлық зертханалық зерттеулер жүргізіліп, олармен мониторингтік топ мүшелерін таныстыратың болады. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2025 жылғы желтоқсан. Су құбырының құрылысы тұрақты бақылауда.