Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс  жиырма бесінші сессиясы

         Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.         

       Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне» 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;  Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 23/132-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданының мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.

      Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

      Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.