Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі  мен аудан халқының назарына!

                                 Отырар аудандық мәслихат төрағасының

                                                                   ШЕШІМІ

 

 

18 сәуір 2025 жыл                                                                           № 32/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезектен тыс жиырма бесінші

сессиясын шақыру туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 17.04.2025 жылғы № 40-10-01/1082 хатына сәйкес:

     Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 24 сәуір күні сағат 10:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

    Отырар аудандық

    мәслихатының төрағасы                                                         У.Ұзақов

 

 

 

                        Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

                                                  мен аудан халқының назарына!

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 17.04.2025 жылғы № 40-10-01/1082 хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 24 сәуір күні сағат 10:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

      Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 15:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

     Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Отырар ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апппаратының мемлекеттік қызметшілеріне» 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
  2. Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 23/132-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Отырар ауданының мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

     Отырар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                         У.Ұзақов