Отырар ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

Отырар ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

      2025 жылдың 11- сәуірі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында  Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі, мәслихат төрағасы, ауыл әкімдері мен жер инспекторлары қатысты.Отырыстың күн тәртібінде аудандағы көктемгі дала жұмыстарының барысы қаралды. Ең алдымен мәслихат төрағасы У.Ұзақов жаңадан сайланған қоғамдық кеңес мүшелеріне куәліктер табыстады. Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылық, жер қатынастары және «Қазсушар» Отырар өндірістік бөлімшесінің басшылары атқарып жатқан жұмыстары бойынша есепті баяндамаларын жасап, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қорытындыда қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашылардың берген есептерін мақұлдау туралы бірауыздан қаулы қабылданды.