Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті  жиырма төртінші сессиясы

          Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.         

          Жиынның күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі; Отырар аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Талапты ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі; Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмектер ұйымдастыру жөніндегі консультациялык-кеңесші органының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы; 2024-2028 жылдарға арналған Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасының орындалуы туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.

         Аталған мәселе бойынша аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы , мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Қуатбеков Жандос, Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Сәттар  хабарлама жасап өтті. 

        Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

        Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.