Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі  мен аудан халқының назарына!

                                        Отырар аудандық мәслихат төрағасының

                                                                  ШЕШІМІ

 

 

26 наурыз 2025 жыл                                                                       № 31/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезекті жиырма төртінші

сессиясын шақыру туралы

 

 

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

       Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы 2025 жылы 07 сәуір күні сағат 16:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           У.Ұзақов

 

 

              Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

                                       мен аудан халқының назарына!

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезекті жиырма төртінші сессиясы 2025 жылы 07 сәуір күні сағат 16:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

       Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері осы күні сағат 15:00-де  өтеді.

      Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Отырар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
  2. Отырар аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  3. Талапты ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  4. Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  5. Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмектер ұйымдастыру жөніндегі консультациялык-кеңесші органының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  6. 2024-2028 жылдарға арналған Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасының орындалуы туралы.

     Сессияның қарауына келіп түсуіне орай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           У.Ұзақов