
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 18 наурыз – Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз өзіміздің мәдени мұрамызды, дәстүрімізді, ұлттық киімдерімізді ерекше құрметпен атап өтеміз. Ұлттық киімдер – әр халықтың тарихын, рухани байлығын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынаны бейнелейді.
Бүгінгі таңда ұлттық киімдеріміз, әсіресе, жастар арасында кеңінен танылып, сәнге айналып келеді. Бұл өз алдына үлкен жетістік, өйткені ұлттық болмысымызды сақтау мен дамыту – әрқайсымыздың борышымыз. Қазақ халқының киімдері – тек сән үлгісі емес, сонымен қатар біздің салт-дәстүрлерімізді, ұлттық бірегейлігімізді көрсететін символ.
Баршаңызды осы айтулы күнмен тағы да құттықтай отырып, әрқайсымыздың ұлттық киімдерімізді құрметтеу, сақтап, одан әрі насихаттау біздің болашақ ұрпаққа үлкен мұра қалдыратынын ұмытпайық. Бірлігіміз бен ынтымағымыз әрқашан мықты болсын!
Құрметпен: Отырар аудандық
мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы