ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

        2025 жылдың ақпан айының 13-і күні аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы Ж. Көлбай ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімі мен мәслихат төрағасы және тиісті орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлының ауданның 2024 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы атқарылған жұмыстары туралы есебі, екінші Отырар аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Отырар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беруі әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» мәслихат шешімінің жобасын мақұлдау туралы болды. Жарыс сөзге шығып сөйлеген кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Атап  айтқанда,  ауданымыздың барлық салада дамып өркендеуінің одан әрі қарай жетілдіре түсу жөнінде ауқымды мәселелерді қамтамасыз ету туралы пікірлерін ортаға сала отырып аудан әкімдігінің жұмысына «жақсы» деген бағаларын берді.

         Кеңес жұмысын кеңес төрағасы Ж.Көлбай қорытындылап, айтылған  ұсыныс-пікірлерлер бойынша аудан әкімінің назарына ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.