Отырар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін
сайлауға конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Отырар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Отырар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтарға конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Отырар ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 13 (он үш) мүшесінен құралады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Отырар ауданының әкімшілік-аумақтық шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі ұсынылады.
Құжаттар жазбаша түрде мына мекен-жайға жолданады: 160700, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы көшесі №25, Отырар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына немесе электронды цифрлық қолымен расталған Отырар аудандық мәслихаты аппаратының электрондық мекенжайына (ri.ibragimov@ontustik.gov.kz) жолданады.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 14 ақпан сағат 19.00-ге дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап 19.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Отырар аудандық мәслихаты аппаратынан немесе 87789637454 ұялы телефоны бойынша Отырар аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ибрагимов Ринат Ахмедиярұлынан алуға болады.
Отырар ауданының Қоғамдық
кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы Ж.Абдиразахов