ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні сағат 17:00-де Отырар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын жүргіздім.
Күн тәртібіне сәйкес, төмендегі мәселелер қаралды:
1.Ұсынылған кандидаттар арасынан жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу туралы.
Жұмыс тобының құрамы төмендегідей бекітілді:
Сонымен қатар, жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының кеңесшісі Боранбайұлы Нұрсұлтан қатысты.
2.Азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысын сайлау туралы.
Дауыс беру нәтижесінде жұмыс тобының басшысы болып Абдиразахов Жанболат Ержанович сайланып, жиналысты әрі қарай жүргізді.
3.Отырар ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруды әзірлеу және жариялау туралы мәселесі қаралып, хабарландыру мәтіні мақұлданды.
4.Отырар ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындау туралы мәселесі қаралып, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 13 (он үш) мүше болып айқындалды.
5.Отырар ауданының Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлеу туралы мәселесі қаралып, жұмыс тобы мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар беріліп, ереженің жобасы мақұлданды.