Отырар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Отырар аудандық мәслихатының аппараты Отырар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу туралы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Өз ұсынысын жолдайтын әрбір коммерциялық ұйым және әрбір азамат біреуден аспайтын кандидат ұсына алады. Жұмыс тобының сандық құрамы 5 (бес) жұмыс топ мүшесінен құралады. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Отырар ауданының әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобының мүшелігіне кандидат бола алады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің» 7-тармағына сәйкес, хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол немесе Отырар аудандық мәслихаты аппаратының электрондық мекенжайына (m.talgatuly@ontustik.gov.kz):
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамасы;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтамасы;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі ұсынылады.
Жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Құжаттар жазбаша түрде мына мекен-жайға жолданады: 160700, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек - Жолы көшесі №25, «Отырар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі. Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 17 қаңтар cағат 19.00-ге дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап 19.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Отырар аудандық мәслихаты аппаратынан немесе 87775939822 ұялы телефоны бойынша Отырар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Дайрабаев Ерман Сабыровичтен алуға болады.
Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурсқа байқаушылар тізімін
қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа - байқаушы ретінде кандидаттар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженінің» 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті Отырар аудандық мәслихатының аппаратына ұсынады немесе электрондық поштаға (m.talgatuly@ontustik.gov.kz) жолдайды.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов