Отырар аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының
жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты 1-аудандық аумақтық және 40-учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының құратыны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясы жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комисиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 9 қарашасынан бастап 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырылған маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерінқұру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол үйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-насы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау Отырар аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25 ғимарат, 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі-жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Отырар аудандық мәслихаты
Ұзақов Уалихан Жамалханұлы – Отырар аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25 үй.
Жауапты: Талғатұлы Мақсат, кабинет №24 қалааралық телефон коды (872544), қызметтік тел. 21-8-58, ұялы тел. 8-775-722-20-23, факс 21-9-35 электрондық почта maslihat_otrar@mail.ru
Отырар аудандық мәслихаты Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және 40 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
Отырар аудандық мәслихаты |
|||
қ/с |
Комиссия атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссия мүшелерінің саны |
1 |
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
Отырар ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ғимараты |
7 |
Учаскелік сайлау комиссиясы – 40 |
|||
қ/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесінің орналасқан жері |
Сайлау комиссия мүшелерінің саны |
1 |
486 |
Аққұм ауыл округі, Аққұм ауылы, С.Сейфулин көшесі №31, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі. |
7 |
2 |
487 |
Балтакөл ауыл округі, Ақкөл ауылы, Қ.Азаматов көшесі №11, Ж.Егембердиев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі. |
5 |
3 |
488 |
Балтакөл ауылы округі, Балтакөл ауылы, М.Көбеев көшесі №12, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі. |
7 |
4 |
489 |
Балтакөл ауылы округі, Көлқұдық ауылы, М.Арыс көшесі №2, С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |
5 |
490 |
Балтакөл ауылы округі, Самрат ауылы, Тәтібай көшесі №20, Үштам бастауыш мектебі |
5 |
6 |
491 |
Көксарай ауыл округі, Жанкел ауылы, Жұлдыз көшесі №3, Жанкел бастауыш мектебі. |
5 |
7 |
492 |
Көксарай ауыл округі, Көксарай ауылы, Көксарай көшесі №13, Ауылдық клубы |
9 |
8 |
493 |
Көксарай ауыл округі, Көксарай ауылы, Алатау батыр №16, Ергөбек атындағы негізгі орта мектебі |
5 |
9 |
494 |
Көксарай ауыл округі, Шеңгелді ауылы, Қ.Арынов көшесі №3, Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |
10 |
495 |
Көксарай ауыл округі, Ызакөл ауылы, Алмалы көшесі №1, Ызакөл бастауыш мектебі. |
5 |
11 |
496 |
Қарақоңыр ауыл округі, Арыс ауылы, Ш.ӘБілқасымов көшесі №4, Арыс шағын жинақты бастауыш мектебі. |
5 |
12 |
497 |
Қарақоңыр ауыл округі, Бестораңғыл ауылы, Д.Шырынбеков көшесі №17, Ұ.Жармұхаметов атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі. |
5 |
13 |
498 |
Қарақоңыр ауыл округі, Ш.Қалдаяқов ауылы, Ш.Ерманов көшесі №9, Ауылдық мәдениет сарайы. |
7 |
14 |
499 |
Қарақоңыр ауыл округі, Қостүйін теміржол бекеті, Ж.Ержанов көшесі №17-2, Қостүйін бастауыш мектебі. |
5 |
15 |
500 |
Қарақоңыр ауыл округі, Сырдария ауылы, Р.Бәдіренов көшесі №35, Сырдария шағын жинақты негізгі орта мектебі. |
5 |
16 |
501 |
Ақтөбе ауыл округі, Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов көшесі №32, Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебі. |
7 |
17 |
502 |
Маяқұм ауыл округі, Қостерек ауылы, Н.Оспанов көшесі №26, Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |
18 |
503 |
Маяқұм ауыл округі, Маяқұм ауылы, Ж.Әуелбеков көшесі №8, Ауылдық мәдениет үйі. |
7 |
19 |
504 |
Маяқұм ауыл округі, Маяқұм ауылы, Наурыз м/а, Е.Әнетбеков көшесі №23, Коммуналдық тұрғын үй. |
5 |
20 |
505 |
Отырар ауыл округі, Арыс ауылы, Жеңіс көшесі №13, Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі. |
7 |
21 |
506 |
Отырар ауыл округі, Автобаза ауылы, Б.Төлбасиев көшесі №32, З.Қалауова атындағы бастауыш мектебі. |
5 |
22 |
507 |
Отырар ауыл округі, М.Шойманов ауылы, Т.Таубеков көшесі №42, П.Әйтменов атындағы шағын жинақты негізгі мектебі. |
5 |
23 |
508 |
Қарғалы ауыл округі, Қарғалы ауылы, Қ.Қожахметұлы көшесі №3, С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |
24 |
509 |
Қарғалы ауыл округі, Отырар ауылы, Ә.Жусипбаев көшесі №55, Отырар жалпы орта мектебі. |
5 |
25 |
510 |
Талапты ауыл округі, Шытты ауылы, Н.Нұрқұлов н/з, А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебі. |
5 |
26 |
511 |
Талапты ауыл округі, Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі №9а, Ауылдық мәдениет үйі. |
7 |
27 |
512 |
Талапты ауыл округі, Сарыкөл ауылы, Ш.Қалдаяқов н/з, Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебі. |
5 |
28 |
513 |
Талапты ауыл округі, Ынталы ауылы, Ұ.Арғынбеков н/з, Ә.Байтанаев атындағы шағын жинақты негізгі мектебі. |
5 |
29 |
514 |
Қоғам ауыл округі, Қоғам ауылы, М.Қайназарұлы көшесі №2, С.Әшіров атыдағы жалпы орта мектебі. |
7 |
30 |
515 |
Қоғам ауыл округі, Мыңшұқыр ауылы, Ә.Сарбасұлы көшесі №10, Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектебі. |
5 |
31 |
516 |
Қоғам ауыл округі, Талапты ауылы, Тәуелсіздік көшесі №20, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі. |
5 |
32 |
517 |
Темір ауыл округі, Темір ауылы, Б.Момышұлы көшесі №22, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |
33 |
518 |
Темір ауыл округі, Темір ауылы, Б.Момышұлы көшесі №2, Темір жалпы орта мектебі. |
7 |
34 |
519 |
Темір ауыл округі, Отырабат ауылы, Отрабат н/з, Отрабат бастауыш мектебі. |
5 |
35 |
520 |
Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы көшесі №45, Отырар аудандық мәдениет сарайы. |
9 |
36 |
521 |
Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі №12, Жамбыл атындағы мектеп-лицейі. |
9 |
37 |
522 |
Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі №30, №20 Д.Құрманбеков атындағы колледжі. |
7 |
38 |
523 |
Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі №21, Аудандық орталық аурухана. |
5 |
39 |
524 |
Шілік ауыл округі, Жаңа Шілік ауылы, Тұрғанбай Датқа көшесі №11, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі. |
7 |
40 |
525 |
Шілік ауыл округі, Ескі Шілік ауылы, Төрткөл-Шәуілдір тас жолы н/з, С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. |
5 |