Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері, ауыл әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы; Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы; Қарғалы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі; Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.

Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.