Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі  мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

19 мамыр 2026 жыл                                                                                             № 43/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезектен тыс отыз алтыншы

сессиясын шақыру туралы

 

 

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 19.05.2026 жылғы № 40-10-01/1136  хатына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 10:30-да Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

   Отырар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                          У.Ұзақов

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына және аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 19.05.2026 жылғы № 40-10-01/1136 хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 12:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді.

    Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
  3. Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;
  4. Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

   Отырар аудандық

   мәслихатының төрағасы                                                  У.Ұзақов