Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі  мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

 

 

18 мамыр 2026 жыл                                                                                             № 42/VIII

 

 

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезекті отыз жетінші

сессиясын шақыру туралы

 

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

    Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 11:00-де  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                    У.Ұзақов

 

 

 

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

 мен аудан халқының назарына!

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезекті отыз жетінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

   Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

   Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы;
  2. Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  3. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  4. Темір ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
  5. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  6. Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;
  7. Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;

Ескертпе: Келіп түсуіне қарай сессияның күн тәртібіне өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Отырар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                        У.Ұзақов