
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізді. Отырыста аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Атап айтқанда, Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32/183-VIII «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.
Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай баяндама жасап, ауылдық округтер бюджетіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Күн тәртібіндегі мәселе бұған дейін бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қаралып, сессия барысында тиісті шешім қабылданды.
Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.