
Отырар аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
04 наурыз 2026 жыл № 40/VIII
Сегізінші шақырылымдағы
Отырар аудандық мәслихатының
кезектен тыс отыз төртінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 04.03.2026 жылғы №40-10-01/534 ұсыныс хатына сәйкес:
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 06 наурыз күні сағат 17:00-де Шәуілдір ауылында шақырылсын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі
мен аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 04.03.2026 жылғы №40-10-01/534 ұсыныс хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 06 наурыз күні сағат 17:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 06 наурыз күні сағат 16:00-де өтеді.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:
Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIІІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов