Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі; Отырар аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Отырар аудандық орталық ауруханасы басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі; «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Отырар аудандық филалы директорының егістіктерді қажетті ағын сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы хабарламасы; Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; «Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы; Отырар ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апппаратының мемлекеттік қызметшілеріне» 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшылары бандама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша бір ауыздан шешім қабылданды.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі мәселе бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып  сессияда тиісті шешім қабылданды.

          Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.