Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 1 мәселе қаралды. Атап айтсақ 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай бандама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша бір ауыздан шешім қабылданды.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі мәселе бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып  сессияда тиісті шешім қабылданды.

Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.