Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы; Отырар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы; Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жыл 2/7-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданының жер комиссиясы туралы; Отырар ауданы бойынша ауыл округі шекараларын өзгерту туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы; Отырар аудандық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасы  туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбектер баяндама жасап, депутаттар ұсынылған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Талқылау қорытындысы бойынша бір ауыздан шешім қабылданды.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып  сессияда тиісті шешім қабылданды.

Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.