Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

                                          Отырар аудандық мәслихат төрағасының

                                                                          ШЕШІМІ

 

12 желтоқсан 2025 жыл                                                                   № 38/VIII

 

Сегізінші шақырылымдағы

Отырар аудандық мәслихатының

кезекті отыз бірінші

сессиясын шақыру туралы

 

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

      Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 10:00-ге  Шәуілдір ауылында шақырылсын.

 

     Отырар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                   У.Ұзақов

 

 

                    Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

                                                 мен аудан халқының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының  кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 10:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

    Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Отырар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы.
  2. Отырар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
  3. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
  4. 12 мамыр 2023 жыл 2/7-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Отырар ауданының жер комиссиясы туралы;
  6. Отырар ауданы бойынша ауыл округі шекараларын өзгерту туралы;
  7. Отырар аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  8. Отырар аудандық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасы туралы.

    Келіп түсуіне қарай сессия күн тәртібіне өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

     Отырар аудандық

     мәслихатының төрағасы                                                   У.Ұзақов