
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, бөлім басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 1 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай баяндап өтті.
Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі мәселе бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып сессияда тиісті шешім қабылданды.
Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.