Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округі әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар         аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» №23/132-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.

Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыланып  сессияда тиісті шешім қабылданды.

Кезектен тыс сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.