Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі; Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі; Сайлау комиссияларындағы бос орындарға комиссия мүшелерін сайлау туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамрыдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/97-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.