
МӘСЛИХАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерімен ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптары талқыланды.
Жиын барысында бас маман Мақсат Талғатұлы заңның мазмұнына тоқталып, оның ішінде мәслихаттың қызметіне тікелей қатысты тұстарын атап өтті. Ол құжаттағы жергілікті өкілді органның құзыреті мен жауапкершілігіне байланысты нормаларды түсіндіріп, қызмет барысында заңнаманы дұрыс қолданудың маңызын жеткізді.
Тәжірибелік тұрғыда пікір алмасқан мұндай шаралар мәслихат аппаратының кәсіби деңгейін көтеріп, жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.