Отырар аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
22 қыркүйек 2025 жыл № 34/VIII
Сегізінші шақырылымдағы
Отырар аудандық мәслихатының
кезекті жиырма жетінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 03 қазан күні сағат 11:00-ге Шәуілдір ауылында шақырылсын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі
мен аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 03 қазан күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудандық мәдениет сарайының кіші залында өтетіндігін хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері осы күні сағат 10:00-де өтеді.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:
- Отырар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
- Отырар аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;
- Отырар аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі;
- Сайлау комиссияларындағы бос орындарға комиссия мүшелерін сайлау туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамрыдағы №5/24-VII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/97-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/98-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Отырар ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов