ЖОЛДАУДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ЖОЛДАУДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ЖОЛДАУДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйегінде жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында маңызды басқосу өтті.
Жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, құқық қорғау органдарының өкілдері, БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойыша Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жолдау аясындағы міндеттерді негізге ала отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Инвестициялық ахуалды жақсарту, өндіріс саласын өркендету, тұрғын үй-коммуналдық жүйелерін жаңарту – осының бәрі нақты іспен бекемделген бағыттар.
Президент өз сөзінде: «Бизнеске жол ашық болмаса, экономика да өрге баспайды», – деді. Осы орайда, Отырар ауданында кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру – басты мақсат. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін қолжетімді ету, рұқсат беру рәсімдерін цифрлық жүйеге көшіру – бұл істің алғашқы кезеңдері.
2025 жылы жалпы құны 37,3 миллиард теңгені құрайтын 4 ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар арқылы 565 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі жоспардағыдан екі есеге артық орындалған.
Одан кейінгі мәселе инфрақұрылымды жаңарту – ел тұрмысының сапасын арттырудың нақты жолы. Аудандағы көпқабатты үйлерге инженерлік жүйелер тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету секілді шаруалар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Жиын соңында сөз алған Ауданның құрметті азаматы, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Мәрия Белгібай мен тарихшы Бекжан Бейсенбай көпшілікті Жолдаудағы міндеттерді жұмыла орындауға шақырды. Ел болашағы үшін әр азамат атсалысса – алынбайтын асу жоқ екендігі айтылды.