Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, ауыл әкімдері, ауылдық дәрігерлік амбулатория бас дәрігерлері, ветинспекция мен ветқызмет басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Әбдімәлік есепті баяндамасын жасап, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға өз құзыры шегінде жауап берді. Одан соң кеңес мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев өткен отырыста қаралған Арыстанбаб кесенесі айналасының санитариялық жұмыстары жөніндегі мәселе бойынша хабарлама жасады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай мекеменің Ережесіне өзгерістер енгізу жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысына түсініктеме берді.
Қорытынды да қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудандық аурухана бойынша жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде қараша айының бірінші жұлдызына дейін мәлімет беру міндеттелініп, қалған мәселелер бойынша бірауыздан қаулы қабылданды.