ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңға сәйкес адал әрі тиімді орындауы тиіс. Осыған байланысты қоғам тарапынан олардың қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады.
Бүгін мәслихат аппараты қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттары мен талаптары түсіндірілді. Әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және халыққа қызмет көрсетуге бағытталған ұстанымдар мен әдеп стандарттарын берік сақтауы қажет екендігі атап өтілді.