Бүгін аудандық мәдениет сарайының кіші мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы болып өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Атап айтсақ 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы; Отырар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2024 жылғы атқарылуы жөніндегі есептері туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы; Отырар ауданының көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстарды енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 шілде 2024 жылғы № 17/95-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 12 мамыр 2023 жылғы №2/8-VIII «Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17/97-VIII «Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Кезекті сессияны аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы қорытындылап, аудан әкімі мен депутаттық корпусқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.