Отырар аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
4 шілде 2025 жыл № 33/VIII
Сегізінші шақырылымдағы
Отырар аудандық мәслихатының
кезекті жиырма алтыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 15 шілде күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында шақырылсын.
Отырар аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы А.Асан
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі
мен аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылғы 15 шілде күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудандық мәдениет сарайының кіші залында өтеді.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2025 жылғы 15 шілде күні сағат 09:30-да Шәуілдір ауылында, аудандық мәдениет сарайының кіші залында өтеді.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Отырар аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы А.Асан