2025 жылғы 30 сәуірде аудандық мәслихаттың 33 кезектен тыс сессиясы өтеді

2025 жылғы 30 сәуірде аудандық мәслихаттың 33 кезектен тыс сессиясы өтеді

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады:

  1. Аудандық мәслихатының 33 кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы.
  2. Есеп комиссиясын сайлау туралы.
  3. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/271 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/272 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Осакаров ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2025 жылға бекіту туралы
  6. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 19/188 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  7. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  8. Осакаров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  9. Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 29/282 «Осакаров ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  10. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 20 қарашадағы № 27/262 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  11. Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 144 «Осакаров ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  12. Осакаров аудандық мәслихаттың 2011 жылдың 4 мамырдағы № 351 «Осакаров ауданының әкімдігі жанынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссиясын бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер  енгізу туралы