Осакаров ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Унзила Шапақ пен Тілектес Адамбеков келді.

Осакаров ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Унзила Шапақ пен Тілектес Адамбеков келді.

Осакаров ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Унзила Шапақ пен Тілектес Адамбеков келді. Сапар аясында олар жергілікті тұрғындармен және әлеуметтік сала өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Аудандық мәслихат төрағасы Қ.Қ. Саккулаковпен және "AMANAT" партиясы Осакаров аудандық филиалының төрағасы А. Т. Каспаковпен бірге депутаттар Орталық аурухана ұжымымен, сондай-ақ ауданның білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті. Осы кездесулер барысында денсаулық сақтау және білім беру мәселелері талқыланып, аудандағы еңбек және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

Халықпен кездесулерге ерекше көңіл бөлінді. Депутаттар Осакаровка кентінде азаматтарды жеке қабылдап, жергілікті тұрғындардың мәселелері мен сауалдарын тыңдады. Озерное ауылында тұрғындармен кездесу өтті, онда ауыл тұрғындарының сұрақтарына түсініктемелер берілді.