Осакаров аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссиясының қолданыстағы құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Осакаров аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссиясының қолданыстағы құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Осакаров аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай ауданның жоғары тұрған сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 30 қыркүйектен бастап мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған. https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күні, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 30 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Осакаров кенті, Достық көшесі 33 .

Саққұлаков Қанат Келгенұлы – Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы.

Жауапты тұлға – «Осакаров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы Балабиев Жүсіп Аягөзұлы, каб. № 207, қалааралық телефон коды (872149), ж. т. 4-21-65, 8-777-051-75-26электрондық пошта мекенжайыosak_maslihat@mailru

Осакаров аудандық мәслихаты Осакаров ауданының аудандық сайлау комиссиясының шешімі туралы хабарлайды және комиссиялардың бірқатар мүшелерін қызметінен босатуға және әкімшілік учаскелік бірліктің шегінен шығуына байланысты бұрын жұмыс істеп тұрған аумақтық сайлау комиссиясының құрамдарына өзгерістер енгізеді:

 

№ р/б

Округтік сайлау комиссиясының

 

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

ОСК мүшелерінің міндеттерінен босатылуына байланысты бос орындардың саны

Барлық бос орындар саны ОСК

 

1

1

Осакаровка кенті, ул. Ә.Бокейхан көшесі 68

4

5

 

2

2

Осакаровка кенті, Достык көшесі 43

5

5

 

3

4

Осакаровка кенті, Целинная көшесі 4А

2

5

 

4

5

Есиль ауылы, Литвинская көшесі 30

3

5

 

5

6

Пионерское ауылы, Центральная көшесі 36

1

5

 

6

7

Ошаганды ауылы, Надречная көшесі 1

1

5

 

7

8

Сұнқар ауылы, Олимпийская көшесі 6

2

5

 

8

10

Молодежный кенті,  Комарова көшесі 7

2

5

 

9

11

Молодежный кенті,  К. Сатпаев көшесі 17а

1

5

 

10

12

Ақбұлак аулы, Гагарин көшесі 8

1

5

 

Формы Заявлений Участ рус.docx

Ұсыным пішіні каз.xlsx 

Осакаров аудандық мәслихаты