
Кездесу барысында «Заң және тәртіп» идеологемасы бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдағы жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан жан-жақты жауаптар алды.