Осакаров ауданына жұмыс сапары аясында облыстық мәслихат төрағасы Н.С. Кобжанов облыстық мәслихат депутаттары М. Башай, А.Г. Куприенко, А.Т. Есалиева, С.Ш. Шаймағанбет және Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы К.К. Саққұловпен бірге облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізді.

Іс-шараға аудан әкімі Р.Е. Нұрмұхамбетов, білім басқармасының басшысы Д.Ш. Жекебаев және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Жұмыс барысында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары араланып, олардың жай-күйі қаралды.
Есіл ауылында №2 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу және мектеп-интернат-колледждегі ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы таныстырылды. Осакаровка кентінде №2 қазандықтың жағдайы және Ы. Алтынсарин көшесінде салынып жатқан екі 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тексерілді. Нысандардың алдағы жылыту маусымына дайындығына ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстардың қарқынын арттыру және қосымша ресурстарды жұмылдыру жөнінде тапсырмалар берілді. Барлық мәселелер, ұсыныстар мен ескертулер тұрақты бақылауға алынды.
Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалуын бақылау жұмыстары жалғастырылады.