Осакаров аудандық мәслихат төрағасы К.Саккулаков балаларды қорғау халықаралық күніне орай ерекше көңіл мен қамқорлықты қажет ететін балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларға барды.

Осакаров аудандық мәслихат төрағасы К.Саккулаков балаларды қорғау халықаралық күніне орай ерекше көңіл мен қамқорлықты қажет ететін балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларға  барды.

Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, хал-жағдайларын, көңіл күйлерін және кішкентай тұрғындарымыздың күнделікті тіршілігін сұрасты.

Кездесу барысында балаларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер табысталды.

Балаларға зор денсаулық, қуаныш, жаңа жетістіктер мен ең асыл армандарының орындалуын, ал отбасыларына амандық, жылулық пен бақыт тіледі.