Осакаров аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының қолданыстағы құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Осакаров аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының қолданыстағы құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Осакаров аудандық мәслихаты қолданыстағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай ауданның жоғары тұрған сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 12 мамырдан бастап мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған. https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күні, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 12 мамырдан бастап 27 мамырға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Осакаров кенті, Достық көшесі 33 .

Саққұлаков Қанат Келгенұлы – Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы.

Жауапты тұлға – «Осакаров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы Балабиев Жүсіп Аягөзұлы, каб. № 207, қалааралық телефон коды (872149), ж. т. 4-21-65, 8-777-051-75-26, электрондық пошта мекенжайы: osak_maslihat@mail.ru

Осакаров аудандық мәслихаты Осакаров ауданының аудандық сайлау комиссиясының шешімі туралы хабарлайды және комиссиялардың бірқатар мүшелерін қызметінен босатуға және әкімшілік учаскелік бірліктің шегінен шығуына байланысты бұрын жұмыс істеп тұрған аумақтық сайлау комиссиясының құрамдарына өзгерістер енгізеді:

 р/б

Учаскелік сайлау комиссиясының

 

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

УСК мүшелерінің міндеттерінен босатылуына байланысты бос орындардың саны

Барлық бос орындар саны

 

1

553

Осакаровка кенті Целинная көшесі 4 А

1

7

 

2

559

Центральное ауылы Почтовая көшесі, 2

1

7

 

3

561

Карагайлы ауылы Кооперативная көшесі 20

1

5

 

4

563

Ошаганды ауылы Надречная көшесі 1

1

5

 

5

564

Акпан ауылы Верхняя көшесі 5

1

5

 

6

572

Садовое ауылы Целинная көшесі, 29

2

5

 

7

573

Молодежный кенті, ул.Абая,14/1

1

5

 

8

576

Сарыозек ауылы, көшесі, Центральная,11

1

5

 

9

578

ст.Шокай, көшесі, Школьная, көшесі,  54

1

5

 

10

579

Аманконыр, ауылы Бейбитшилик, көшесі, 23

1

5

 

11

584

Акбулак ауылы, Гагарина көшесі,, 8

1

5

 

12

586

Тельманское, ауылы Школьная, көшесі,  10

2

5

 

13

589

Шидерты ауылы, Мира көшесі,, 37

1

5

 

14

590

Сенокосное ауылы,  Әл-Фараби, көшесі, 7

1

5

 

өтініш

ұсыныс

 

Осакаров аудандық мәслихаты