2026 жылдың 15 мамырдағы сағат 11-00 де аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді.

2026 жылдың 15 мамырдағы сағат 11-00 де аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады:

  1. Аудандық мәслихатының 49 кезектен тыс сессиясының күн тәртібі

туралы.

  1. Есеп комиссиясын сайлау туралы.
  2. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №42/418 «Осакаров ауданының кенттерінің, ауылдық округтарының  2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу туралы.
  1. «Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік  қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 24 қантардағы №179 Осакаров аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  1. Осакаров ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 қазандағы № 38/39«Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия  құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/432 «2026 жылға арналған жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  1. Осакаров аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 қарашадағы «Осакаров ауданы әкімдігі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясын бекіту туралы» № 239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы