15 наурыз күні елімізде жоғары деңгейде жалпыұлттық референдум өтіп, ол мемлекеттің дамуы мен демократиялық институттарды нығайтудың маңызды кезеңіне айналды.
Аталған маңызды іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша Осакаров ауданы тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін аудан әкімі Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Саккулаков Қанат Келгенұлына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан Алғыс хат табыстады.
Атқарылған жұмыстар азаматтардың хабардарлығын арттыруға, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына және азаматтық ұстанымының қалыптасуына зор ықпал еткені атап өтілді.
Мұндай бастамалар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, билік пен халық арасындағы ашық диалогтың дамуына ықпал етеді.