
Аталған кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Саққұлақов Қанат Келгенұлы қатысты. Есептік кездесулер Пионер, Сарыөзек, Мирный, Иртыш және Қаратомар, Родниковский, Жансары, Шидерты, Жұлдыз,Трудовой, Құндызды, Маржанколь, Садовый, Сункар және Николаевка ауылдық округтерін қамтыды. Тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылап, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Мұндай ашық диалог форматы жергілікті билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Кездесулер барысында электрмен жабдықтау, жайылымдық жерлердің тапшылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларының жағдайы, әлеуметтік қолдау шаралары мен тұрғын үй мәселелері, ветеринариялық қызмет көрсету, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және спортты дамыту мәселелері көтерілді.
Түскен барлық өтініштер жұмысқа қабылданып, әрбір бағыт бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Кездесу барысында жолдардың жай-күйі мен жөндеу жұмыстары, ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мәселелері талқыланды. Барлық өтініштер жұмысқа қабылданып, тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды.