2026 жылғы 14 ақпанда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бастамасымен ұйымдастырылған «Senat Open» 3-ші ашық кубогының 1/8 финалы өтті.

Аталған турнирге Осакаров аудандық мәслихаты атынан Саметай Берікбол қатысты. Жарыс тартысты әрі зияткерлік бәсекеге толы жағдайда өтіп, өңірдің мықты шахматшыларын біріктірді.
1/8 финалға қатысу Кубоктың келесі кезеңдеріне дайындық аясындағы маңызды қадам болды. Турнир шахмат спортын кеңінен насихаттауға, зияткерлік спортты дамытуға және еліміздегі бұқаралық шахмат қозғалысын қолдауға бағытталған.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Осакаров ауданы өз өкілімен мақтанады және оған алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейді.