
Осакаров ауданының Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган болып табылады.
Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Қоғамдық кеңестің қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Қоғамдық кеңестің құрамына 11 мүше кіреді, кеңес төрағасы – Сүлейменов Е.А.
2025 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан бөлімдері басшыларының төмендегі есептері тыңдалды, олар:
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 1.ММ тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету;
2. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар;
3.«Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету;
4.«Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар.
5.«Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету;
6.«Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар;
7.«Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету;
8.«Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.
2025 жылы барлығы 86 жоба қаралды, аудан тұрғындарынан өтініштер түскен жоқ.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы тарапынан Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған «Қоғамдық кеңестің рөлі мен өкілеттіктері: бақылау, қатысу және жауапкершілік» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.