Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады:
- Аудандық мәслихатының 38 кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
- Есеп комиссиясын сайлау туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж заматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 59 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін белгілеу туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- Осакаров ауданы жастарының патриоттық және рухани адамгершілік тәрбиесін күшейту шаралары мен жағдайы туралы.
- Осакаровка, Молодежный, кенттері, Садовый, Ақбұлақ, Батпақты, Озерный, Пионер ауылдық округ әкімдеріне 2024 жылға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
- Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі аудандық кеңестің құрамын бекіту туралы
- Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Басқа сұрақтар.