Осакаровкадағы NIS тамыз саммиті

Осакаровкадағы NIS тамыз саммиті

2025 жылғы 14 тамызда Қарағанды облысының Осакаровка кентінде Дінмұхамед Бөкейхан атындағы тірек мектебінде алғаш рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» республикалық тамыз саммиті өтті. «Ауыл мектебі: тең мүмкіндіктер жолында» атты секциялық отырыс еліміздің түрлі өңірлерінен 200-ге жуық тірек мектеп жетекшілерін, сондай-ақ ауылдық білім беруді дамытуға үлес қосқан ұйымдар мен педагогтардың өкілдерін жинады. Шараға онлайн форматта 4 мыңнан астам мұғалім қатысты. Саммит жұмысына Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Келгенұлы Саққұлақов қатысып, осындай іс-шараны ауданның ауылдық мектебінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.