Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлайды.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл іс-шара биыл 11–30 тамыз аралығында өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету.
Іс-шараға партияның Орталық аппараты мен өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және белсенді азаматтар қатысады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де қаржылай және материалдық көмек көрсетеді.