Осакаров аудандық мәслихатының депутаты Скуловец Игорь Анатольевич ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Қарағанды қаласында «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК АКТИВІМЕН кездесуіне қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Қарағанды облыстық филиалының белсенді мүшелерімен кездесті. Жиын барысында облыстық филиал төрағасы С.М. Әдекенов өңірде 2024–2025 жылдары атқарылған жұмыстарды баяндап, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, ауылдық инфрақұрылым, жайылым тапшылығы, жастарды оқыту мен жұмыспен қамту, ауыл медицинасы мен мәдениеті, экология және аграрлық колледждердің жағдайы талқыланды.
Серік Егізбаев партияның даму стратегиясы, Мәжіліс қызметі мен қабылданған заңдар, сондай-ақ сайлауалды бағдарлама аясында орындалып жатқан міндеттер жайында кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, фракцияның заңнамалық бастамалары мен республика көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар таныстырылды. Кездесу соңында партия ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табысталып, жаңа мүшелерге салтанатты түрде партиялық билеттер берілді. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.