Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Т.С. Адамбеков пен У. Шапак Қарағанды облысының Осакаров ауданына жұмыс сапарымен барды.
Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы депутат Саккулаков Қанат Келгенұлымен кездесу барысында олар сапар аясында Шұнқыркөл елді мекеніндегі нысандарды аралап, ФАП құрылысы мен Колхозное және Шұнқыркөл ауылдарында жүргізіліп жатқан су құбыры жұмыстарының барысымен танысты.
Парламент Мәжілісінің депутаттары өз қызметі туралы айтып, қабылданған заңдар мен бастамалар жөнінде ақпарат берді.