ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев Қарағанды облысы Осакаров ауданында агротуризм нысандарымен танысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев Қарағанды облысы Осакаров ауданында агротуризм нысандарымен танысты.

2025 жылғы 1 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Осакаров аудандық депутаттары Скуловец Игорь Анатольевич пен Алиякпарова Калимаш Владимировна оған бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап таныстырды.
           Іссапар Осакаров ауданына қарасты Озерное ауылында орналасқан «Тоқсұмақ» агротуристік базасынан басталды. База басшысы Олжас Омаров агротуризм саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, қосымша іске қосылған декоративтік көгал өсіру алаңын таныстырды. Оның айтуынша, жоба екі ірі қала – Астана мен Қарағандының арасында орналасуының арқасында көгал өнімдеріне сұраныс жоғары. Қазіргі таңда Астана қаласының жасыл желекпен қамтылуына қажетті көлемде өнім жеткізіліп отыр.
      Серік Егізбаев агротуризм бағытындағы бастамаларды оң бағалап, мұндай жобалар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, жергілікті экономиканы дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Кездесу барысында салалық мәселелер мен агротуризмді дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар тыңдалып, назарға алынды.
Сапар аясында депутат шетелдік қонақтармен – Италия мен Германиядан келген агротуристермен де кездесті. Тараптар ауыл туризмін дамытудағы халықаралық тәжірибе мен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.