2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды өтініштерімен қалалық мәслихат депутаттары Ғ.Байсейтов, М.Бисенова, Ә.Әбіләзім, Ж.Жарасбаев, Д.Абизов қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
- Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ұсыныстар;
- «Сырдария» шағын ауданы, Байқоңыр көшесіне жаяу жүргінші жолын салу;
- «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы 600 орындық №287 орта мектептің артқы көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Ыдырысов тұйығына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Қаланың орталық аумағындағы оқушылардың мектепке барар жолдағы қауіпсіздігін арттыру.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутатық сауалдар жолданып, мәселелердің шешімін табуына жұмыс жасалатындығы айтылды.